Орал қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ұлытау облысының балуандары жоғары нәтиже көрсетуде.

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 13-17 сәуірі аралығында Орал қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ұлытау облысының балуандары жоғары нәтиже көрсетуде.

84 келі салмақ дәрежесінде белдескен Сағиев Серіхан (жеке бапкері — Изтулеуов Есім Досымұлы) және 52 келіде күресіп жатқан Какенова Гүлназ (жеке бапкері — Сатжанова Мөлдір Болатқызы) тамаша өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұл — тынымсыз еңбек, жанкешті дайындық пен спортқа деген адалдықтың жарқын жемісі.

Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы мен бапкерлер құрамына қолдау мен қамқорлықтары үшін алғысымызды білдіреміз. Мектеп ұжымы мен жаттықтырушыларды шәкірттерінің жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлытау облысының намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызға да алғыс айтып, толағай табыстар тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-sport/press/news/details/977028?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version