Облыстық мәслихаттың бір мандатты округ бойынша депутаты ретінде Сәуле Сұрағанова және облыстық мәслихаттың депутаты Ольга Клишина Мамлют аудандық мәслихатының төрағасы Жанар Кәрімовамен бірлесіп Мамлют ауданының Белое селолық округінде орналасқан Щучье селосында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары жолдарды жөндеуге, су құрылыстарын салуға және сапалы интернет байланысын қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды және өзекті мәселелерді айтты. Бұл бастамалар елді мекендегі өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдың тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Барлық айтылған мәселелер оларды әрі қарай қарау және шешу туралы міндеттемемен бақылауға алынды.
Щучье селосында 114 адам тұрады. Аз санына қарамастан, ауыл белсенді түрде жаңартылып, жайлы әрі тартымды орынға айналуда. Бұл үдерісте «Белое-Агро» ЖШС директоры Талғат Әлжанов ерекше рөл атқарады. Талғат Сейілбекұлының бастамасы мен қолдауының арқасында ауылда бұрынғы мектеп базасында демалыс орталығы ашылды. Бұл орталыққа әртүрлі мәдени іс-шараларды өткізуге арналған зал, кең спорт залы, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық пункт кіреді.
Ауылды одан әрі дамыту жоспарында-тұрғындарды күнделікті сұранысқа ие тауарлармен қамтамасыз ететін минимаркет ашу. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін жартылай фабрикаттар дайындау бойынша өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және тұрғындардың сапалы және жаңа өнімдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Ауыл аумағында «Белое-Агро»ЖШС қызметкерлері үшін заманауи тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бұл тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, еңбекке қабілетті халықты тарту және шоғырландыру үшін ынталандырулар туғызады, бұл ауылдың одан әрі өсуі мен дамуы үшін іргелі фактор болып табылады.
Депутаттардың халықпен кездесуінің маңызды бөлігі «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстары болды. Ауыл тұрғындарын экологияны жақсартуға және аумақты абаттандыруға бағытталған сенбіліктер мен басқа да іс-шараларды өткізуге белсенді қатысуға шақырды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/976271?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ