Аудандық мәслихаттың кезекті XLІІ – сессиясының
К ү н т ә р т і б і:
- Ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу жұмыстарының атқарылу барысы туралы.
Баяндамашы: О. Әділханұлы – аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
- Ауданда «Ауыл-Ел бесігі» жобасының шеңберінде әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы.
Баяндамашы: Д. Б. Жақыпбеков – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
Баяндамашы: Г. С. Ермекова – аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.
- Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы.
Баяндамашы: Д. Б. Жақыпбеков – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Байзақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
Баяндамашы: Д. Б. Жақыпбеков – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- «Байзақ аудандық әкімдіктің дербес құрамын келісу туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А. М. Сембиева – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
- Байзақ ауданы Сарыкемер, Үлгілі, Түймекент, Бурыл, Көктал, Темірбек ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы.
Баяндамашы: Е. Б. Тұрсынбек – аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.
- Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссияның құрамы туралы.
Баяндамашы: А. Т. Құрманов – аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы.
Баяндамашы: Ә. Б. Саққұлова – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
- «Байзақ аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 ақпандағы №22–2 шешімінің күшін жою туралы.
Баяндамашы: А. М. Сембиева – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
- «Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның құрамы туралы» аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 30 маусымдағы № 16-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А. Т. Құрманов – аудан әкімі аппаратының басшысы.
- «Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А. Т. Құрманов – аудан әкімі аппаратының басшысы.
- Байзақ ауданының логотипін бекіту туралы.
Баяндамашы: Р. Қ. Қасымов – аудан әкімінің орынбасары.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/977545?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ