А.ҚАРСЫБАЕВ: «МАҒАН ӘДЕМІ СӨЗ ЕМЕС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТІҢІЗДЕР!»

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте әр саладағы жұмыстар сараланды.
Атап айтқанда, «Тама-Тастанбек» ауыз су тарту жұмыстарының қарқыны, Қалғансыр-Жаушықұм тасжолын орта жөндеу, Қ.Тұрысбеков ауылындағы асфальттеу жұмыстары, көгалдандыру аймақтарын күтіп-баптау, үш бірлік қоқыс полигондарын күрделі жөндеу, тамшылатып суғару, ағын су каналдарының мәселесі, жер мәселелері, ауданға инвестиция тарту жобалары, индустриялды аймақ,шомылу маусымында жағажайлардың тазалығын бақылау, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және басқа да мәселелер талқыланып, пысықталды.
Арман Романұлы әрбір саладағы негізгі кемшіліктерге тоқталып, жұмысқа салғырттық танытқан сала басшыларына қатаң ескерту жасады.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/976532?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *