2025 жылдың 16 сәуірінде Басқарма басшысы А. Айтбаев Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 16 сәуірінде Басқарма басшысы А. Айтбаев Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аталмыш салада аянбай еңбек етіп жүрген мекеме басшыларын Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А. Есенбаевтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Тұрғын үйлердің жылуы мен жайлылығы, коммуналдық кәсіпорындардың үздіксіз қызметі – осы сала мамандарының күнделікті тынымсыз еңбегінің жемісі. Қазіргі заман игілігіне айналған жарық пен жылу – ел экономикасының, халық тұрмысының тұрақтылығының негізгі тірегі.

Осы кәсіби мереке аясында барша коммуналдық сала қызметкерлерін шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңіз әрдайым ел ризашылығына бөлене берсін деп тілейміз. Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/977704?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *