
📍 2025 жылдың 15–17 сәуірі аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен спорттық бағдарлаудан “Көктемгі бағдарлау – 2025” облыстық ашық жарысы жоғары деңгейде өтті.
🧭 Қатысушылар өз шеберліктерін “Орта”, “Спринт” және “Ұзақ” қашықтықтарда көрсете білді. Жарысқа әртүрлі жас санаттарындағы қатысушылар қатысты:
🔹 MW10 (2009–2010 ж.т.)
🔹 MW12 (2011–2012 ж.т.)
🔹 MW14 (2013–2014 ж.т.)
🔹 MW16 (2009–2010 ж.т.)
📣 Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орындар иегерлері:
🥇 1 орын – Бәйтерек ауданы
🥈 2 орын – Теректі ауданы
🥉 3 орын – Бөрлі ауданы
👏 Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
Бұл жарыс – жас туристердің төзімділігін, шапшаңдығын және бағдарлау қабілетін арттыратын маңызды дода болды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/978529?lang=kk

Добавить комментарий