Бүгін аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Құрманбеков ашып жүргізіп отырды, отырысқа аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев және есеп беретін бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сайрам аудандық мәслихатының шешім жобасына қорытынды беру туралы.
2.Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы №5-29/VI «Сайрам аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім жобасына қорытынды беру.
3.«Сайрам аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы шешім жобасына қорытынды беру.
4. Сайрам аудандық Мансап орталығында 2024 атқарылған жұмыстары мен 2025 жылғы І-тоқсандағы атқарған жұымыстары туралы есебі.
5. Сайрам аудандық Қоғамдық кеңеңсінің 2025 жылға арналған іс жоспарын бекіту туралы.
6. Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивиденттерінің көлемін белгілеу туралы» шешім жобасына қортынды беру.
7. Сайрам ауданы әкімдігінің «Сайрам аудандық комуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы» шешім жобасына қортынды беру туралы.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бөлім басшыларына тиісті сұрақтар қойылып оның орындалуын қадағалу тапсырылды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/978502?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ