
Шардара ауданының 60 жылдығына арналған «Шаттыққа бөленген-Шардара» салтанатты гала-концертті Шардара қаласындағы «Алты алаш» алаңында жалғасып, оған Республикаға танымал «МузАрт» тобы қатысты. Алаңға жиналған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов аудан әкімінің атынан құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Гала-концертте танымал әншілер Мейрамбек Беспаев, Сакен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, және Мөлдір Бақытжанқызы, Асқар Жайлаубаев, Азамат Қалыбаев, Бақберген Омаров, Ахмет Молдағұлов, Ербол Таңжар және өзге де ауданның өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, алаң қызылды-жасылды отшашулармен көмкерілді.
Концертке жиналған көпшілік мерекелік көңіл күйдің ерекше демін сезінді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/975243?lang=kk

Добавить комментарий