ШАРДАРАНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНДА 60 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының 60 жылдығы аясында №4 шағын ауданыңдағы 60 пәтерлі тұрғын үйді табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.
Баспана табыстауға Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүталиев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков және қонақтар қатысып, 60 баспананың кілтін табыстады.
«Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген шарауалар қолға алынып, қаншама нысандар ашылуда. Биылғы жылы Шардара қаласында да көптеген нысандар пайдалануға берілуде. Біздің мақсат аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Былтырғы жылы жаз айында 100 пәтер, кеше ғана 40 пәтер, тағы 24 пәтерді ел игілігіне пайдалануға бердік.Ал бүгін айтулы күнде, ауданымыздың 60 жылдығында 60 отбасын қуантып отырмыз. Шардара аядай ғана аудан болғанымен бүгінгі күні даңқы шартарапты шарпыған құтты мекенге айналғанына баршамыз кәуміз. Осындай қуанышты сәтте пәтер иелеріне ауданның мерейтойымен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын дегім келеді!”- деді Арман Романұлы.
Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғын үй құрылысына атсалысқан азаматтарды Алғыс хатпен марапаттап, 20 отбасына пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұдан бөлек, мәслихат төрағасы және ардагерлер кеңесінің төрағасының қолынан тағы 40 отбасы пәтер кілттеріне ие болды.
Шара соңында баспаналы болған көпбалалы ана алғыс сезімін білдіріп, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстай Ілесов ақ батасын берді.Қонақтар тұрғын үйдің ішіне кіріп, құттықтауларын жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/975217?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *