ШАРДАРА: МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында мақта шаруашылығына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаулар және басқада өзекті мәселелерді талқылау мақсатында мәжіліс өтті. Жиынға аудандағы мақта компаниясының өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкерлері, ауыл әкімдері, ауыл округтері әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов мәжілісті ашып жүргізіп отырды. Мақта компаниясының өкілдері биылғы жылға мақта шаруашылығын дамытуға бағытталған қолдаулар мен жеңілдіктер жайлы әңгіме қозғады.
Жиналыс барысында мақта шаруашылығы дамытуға қатысты шаруалардың ұсыныстары мен сұрақтарына аудан басшылары, мақта компаниялары тарапынан жауап беріліп, толғандырған мәселелер талқыланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/975198?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *