
9 сәуір күні шежірелі өлкенің құрылғанына 60 жыл толуына орай, көркемсөз оқу «50 жас, 50 өлең » атты байқауы жоғары деңгейде өтті. Әр ауылдан келген, талантты жастар қатысты. Аталған байқауды ақын Әлібек Шегебай, Сүткент ауыл әкімінің міндетін атқарушы Н.Исаев, ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазылық жасаған алқасының құрамы: қазылар алқасының төрағасы – ақын Нұрғали Ибрайым; ӨНЕР саласының майталманы Әбдіғаппар Айдаров; Ақын, «Казимпэкс – Ақтау» қорының директоры, Экономика ғылымдарының кандидаты, қазылар алқасының мүшесі – Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін сараптап төмендегіше жүлделі орындарды бекітті.
Бас жүлде Сүткент ауылынан Оралбай Бибібатпа, І орын Қоссейіт ауылынан Дүкенбай Аянат, Ⅱорын Алатау батыр ауылынан Жолдас Ержігіт Нұрболатұлы, Ⅲ – орын Көксу ауылынан Шарбек Гүлдария Бауыржанқызы, Анарбай Аянат, Шардара ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Акшеңгелді ауылынан Темірбек Інжу, “Туған жер алтын бесігім” атты жүлдесімен Қ.Тұрысбеков ауылынан Пердебай Ердәулет; Мәдениет және спорт, тілдерді дамыту бөлім басшысы Е. Айдаров жүлдесімен Сүткент ауылынан Панзарбек Акзере, Шардара ауданы мәдениет сарайы директоры А.Донбаевтың жүлдесімен Ұзын ата ауылынан Қошан Мейіржан Жандарбекұлы және өнер көрсеткені Достық ауылынан Мақсат Гүлнұр Бейсенқызы, Сүткент ауылынан Ештай Ақсұңқар, Полат Нұрбек марапатталды. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар және Ә.Шегебайдың кітабы табысталды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/975205?lang=kk

Добавить комментарий