ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫНДА 5 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті.
Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Бердіғали Өмірәлі төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды.
Басқосуда 5 мәселе қаралып, депутаттардың талқылауына алынды.
Олар:
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы аудандық білім бөлімінің есебі.
2. Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығының» атқарып жатқан жұмыстарының барысы туралы есебі.
3. Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы.
4. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25/140-VІІ «Төлеби аудандық округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайлы.
5. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIІI «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
VIII шақырылымдағы мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысының күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс, талап-тілектері ескеріліп, ағымдағы жылдың 10 сәуір күні өтетін Төлеби аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессияның қарауына жіберілді.
Күн тәртібіндегі «Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығының атқарып жатқан жұмыстарының барысы туралы есебі» мәселесі бойынша депутаттар тарапынан қосымша зерделеу қажеттілігі ескеріліп, мәселе кейінгі сессия қарауына қалдырылды.
Жиын соңында аудандық мәслихат депутаттары басқа да бірқатар мәселелерді қозғап, пікір алмасты.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/973893?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version