
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА СУ АЙДЫНЫНЫҢ ИЕЛЕРІ ЕШКІМГЕ ДЕС БЕРМЕДІ
✔️2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Бұл жарыс 8-10 мамыр аралығында Қытайдың Наньчан қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.
✔️Жарысқа еліміздің 11 облысынан ең мықты ескекшілер қатысты. Түркістан облысының намысын 18 спортшы қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша облысымыздың ескекшілері 35 медаль жеңіп алды. Оның ішінде қоржынға 17 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль түсті.
✔️Осы чемпионатта байдаркадан әйелдер арасында Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық жасөспірімдер мен спорт мектебінің спортшысы Ольга Шмелева абсолютті чемпион атанды. Ол 1000, 500 және 200 метр қашықтықта 7 алтын медаль жеңіп алды.
✔️Ерлер арасында жекелей және екілік байдаркада 500 метр қашықтықта Бекарыс Раматулла екі алтын медаль еншіледі. Екілік байдаркада және төрттікте (микс) екі алтын жүлдеге Артем Терещенко қол жеткізді. Әйелдер арасында төрттік байдаркада екі алтын медальға Альбина Халикова мен Татьяна Гладкова ие болды. Ал екілік каноэде 1000 метр қашықтықта және жекелей каноэде 200 метр қашықтықта екі алтын жүлдені Ульяна Киселева олжалады. Ерлер арасында Полат Туребеков 2 алтын жүлдені қанжығасына байлады.
✔️Қытайда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында облысымыздан Ольга Шмелева, Бекарыс Раматулла, Артём Терещенко, Полат Туребеков және Ульяна Киселева бақ сынайды.
✔️Бейресми командалық есепте Түркістан облысының командасы 1-орынды сенімді түрде жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы екінші, Қарағанды облысының командасы үшінші орынды еншіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____
НА ЧЕМПИОНАТЕ СТРАНЫ В ТУРКЕСТАНЕ МЕСТНЫЕ ГРЕБЦЫ НИКОМУ НЕ ДАЛИ ШАНСОВ НА ПОБЕДУ
✔️2-6 апреля на гребном канале олимпийского стандарта в городе Туркестане прошел весенний чемпионат Республики Казахстан среди взрослых по гребле на байдарках и каноэ. Это соревнование считается отборочным к чемпионату Азии, который пройдет с 8 по 10 мая в Наньчане, Китай.
✔️В соревнованиях приняли участие сильнейшие гребцы из 11-ти регионов страны. Честь Туркестанской области представляли 18 спортсменов. По итогам соревнований представители нашей области завоевали 35 медалей – 17 золотых, девять серебряных и девять бронзовых медалей.
✔️Абсолютной чемпионкой по гребле на байдарках среди женщин стала спортсменка Туркестанской областной юношеской спортивной школы Ольга Шмелева. В ее копилке семь золотых медалей на дистанциях 1000, 500 и 200 метров.
✔️Две золотые медали завоевал Бекарыс Раматулла на дистанции 500 метров в одиночной и двуместной байдарках среди мужчин. Две золотые награды в двоичной байдарке и “четверке” (микс) завоевал Артем Терещенко. Две золотые медали среди женщин завоевали Альбина Халикова и Татьяна Гладкова. А на дистанции 1000 метров в двуместном каноэ и 200 метров в одиночном каноэ два золота завоевала Ульяна Киселева. Среди мужчин две золотые медали получил Полат Туребеков.
✔️На чемпионате Азии в Китае в составе сборной Казахстана будут выступать Ольга Шмелева, Бекарыс Раматулла, Артем Терещенко, Полат Туребеков и Ульяна Киселева.
✔️В неофициальном командном зачете команда Туркестанской области уверенно заняла первое место. Второе место – у команды Шымкента, третье место завоевала команда Карагандинской области.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971739?lang=kk

Добавить комментарий