ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА КАНАЛДАРДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданындағы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі 2-Р2 және Р-1-3 каналдарында механикалық тазарту жұмыстары басталды.
Көксу ауылдық округі аумағындағы 2-Р2 каналының ірге тасы 1972 жылы қаланған. Ұзындығы 7 шақырым болатын бұл канал 3400 гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Р-1-3 каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. 300 метр ұзындықтағы канал тазартылып, 100 м³ лай шөгінділер сыртқа шығарылды.
Сонымен қатар аталған аудан аумағындағы 2Р-1, 2Р-2, Р-1 және 3Р-1 каналдарының бойындағы дамбалар, өткелдер мен темір тоспалар жөнделуде.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев арнайы іссапармен бірқатар аудандарға барып, каналдар мен арықтардың жағдайымен танысып, кешенді тазалау жұмыстары бойынша жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеді.
Механикалық тазарту жұмыстары филиал теңгеріміндегі бірқатар каналдарда жалғасуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/972136?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *