ШАРДАРА: «AL-FARABI» ОБЛЫСТЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданында, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «AL-FARABI» облыстық интеллектуалды ойынының алғашқы кезеңі өтті.
Аталған зияткерлік сайыстың басты мақсаты – талантты жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлықты ояту және логикалық ойлау қабілетін дамыту, азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, шешендік мәдениетті жетілдіру көзделеді.
Салтанатты ашылу рәсімінде Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, аудан прокуроры Алмас Әлі, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, Шардара аудандық бөлімшесінің бастығы Айтқұлов Нұрсұлтан Мейржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған осындай жобалардың еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Интеллектуалды ойынға облысымыздың әр өңірінен 14–34 жас аралығындағы, 5 адамнан құралған командалар қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.
Қазылар алқасы тарапынан әділ бағалау нәтижесінде үздік деп танылған командалар келесі кезеңге жолдама алды.
Жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған осындай жобалар еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны анық.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/972203?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *