САРЫАҒАШ:ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСІМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Биыл Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі. Осы ретте, биыл мароккалық  шегіртке зиянкесіне қарсы жалпы 81,3 мың га жерді хиямиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарды саралау мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков  Сарыағаш  ауданының  Әлімтау ауылдық округіне арнайы барды.  Сарыағаш ауданының әкімі  Арман Абдуллаев  атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 

 

Шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша Сарыағаш ауданы  15 аумаққа бөлініп, шекаралары белгіленді. Оған қоса, арнайы  15 топ құрылған. Қоғамдық ақылы қоғамдық жұмыс арқылы 190 – анықтаушы, 18 – анықтаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік,  10– су,  жергілікті әкімдіктерден жауапты ретінде бекітілген    25 – қызметкер, 38 – су көздері, 6 – гсм тасуға арналған техникалар, 15 – жатын орындар жұмылдырылған. Зиянкестерді химиялық өңдеу жұмыстары Сарыағаш ауданына қарасты  Ақжар, Әлімтау, Дарбаза, Дербісек, Жылға, Жібек жолы, Тегісшіл, Қызылжар ауылдық округтерінің аумағында жүргізіледі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/969352?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version