ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Жалпы Отырар ауданы бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген 2491 азамат бар. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Қоғам ауылы, Мыңшұңқыр елді мекенінде 4 қабатты 32 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек Шәуілдір ауылындағы Жаңа тұрғын үй алабынан жеке инвесторлар есебінен 2 пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Аталған тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталып, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға үлестірілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын тауып, 4 қабатты 32 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы басталған. Бұл нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Мыңшұңқыр ауылында өткен салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бектібай Арзықұлов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Дайрабаев және ауыл қариясы Өмірбек Тұрымбетов азаматтарды қоныс тойымен құттықтап, ақ баталарын берді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/972399?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *