ОРТАҚ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

ОРТАҚ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

Бүгін Отырар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен мәжілісі өтті. Мәжілісті фракция жетекшісі Асан Аралбай Дүйсенбайұлы ашып, жүрігізіп отырды.

Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картаның Отырар ауданы бойынша орындалуы тиіс тармақтарға жауапты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы мәселе қаралды. Аталған мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы баяндама жасап, қорытындысында фракция мүшелері тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Айта кету керек, жалпы бес (2023-2027) жылға жоспарланған бағдарлама 63 тармақтан тұрады. 2025 жылға 60 тармақ жоспарланса, 3 айдың қорытындысымен 15 тармақ орындалды, 42 тармақ орындалу үстінде, 1 тармақ бойынша өзгеріс енгізуді талап етеді.

Мәжілісте аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы жол картасы тармақтарының 2025 жылдың 3 айының қорытындысымен орындалуы туралы айтып, фракция құрамындағы депутаттарға ауданды дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Аудан басшысы: «Біздің алдымызда аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту міндеті тұр. Өздеріңізбен бірлесіп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жаңа 2 білім нысаны пайдалануға беріліп, 5 мектеп пен 3 балабақшаға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 2018-2023 жылдар аралығында 21 елді мекеннің газдандыру құрылысы жүргізіліп, тұрғындар табиғи газ жүйесіне қосылды. Яғни, 21 елді мекендегі 6168 жеке тұрғын үй (халық саны 36892 адам) табиғи газ жүйесіне қосылған. Жалпы аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 71,4 %-ға жетті. Сырдария өзенінің батыс бөлігінде орналасқан 12 елді мекенді газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2024 жылы мамыр айында сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде жеткізуші газ құбыры құрылысына ЖСҚ әзірленуде, ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 863,3 шақырымды құраса, оның ішінде 625,2 шақырым жол қанағаттанарлық жағдайға жетті. «Ауыл-ел бесігі» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы Ақтөбе және Шойманов ауылдарында 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы басталып, 2024 жылы жылдың қазан айында пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аудан экономикасының өсімін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілуде. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, инвестициялық жобалардың санын көбейтеміз. Биыл мақта-тоқыма кластері аясында 3 зауытты іске қосу көзделуде. Осы жұмыстар нәтижесінде 1400-ге жуық өңір тұрғыны жұмыспен қамтылады. Бар мүмкіндікті пайдаланып, аймақтың экономикасын көтеруіміз керек. Осы бағытта бірлесіп, белсене жұмыс атқаруға шақырамын», – деді.

Фракция мәжілісінде партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы орындалуын қамтуда бірқатар өзекті міндеттер белгіленіп, фракция депутаттарының қолдауымен нақты іске асырылатын жұмыстар талқыланды. Жиын қорытындысымен қаулы қабылданып, орындалуы бойынша аудандық партия филиалына мерзімінен кешіктірмей мәлімет беру тапсырылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971696?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version