НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесу барысында қор тарапынан 3 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының нәтижелері туралы айтылды. Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
✔️Басқосуда қоғамдық қордың басқарма төрайымы өңірдегі ауқымды жұмыстарға оң бағасы беріп, алдағы маңызды жобаларды атап өтті. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Түркістан облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді. Биыл ұсынылған жаңа жобалар қаралады.
✔️Қор құрылғалы Түркістан облысында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында 8 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған 20 бірегей жоба жүзеге асты.
⤵️Аймақ басшысы қор ұжымына өңір халқының атынан алғысын жеткізіп, бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
📌– Президентіміздің тікелей бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен маңызды жобалар жүзеге асуда. Біз әрі қарай да ортақ іске белсенді араласып, бірлесе жұмыс жүргізуге әрдайым дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Қор демеушілігімен үш жылда QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту, сирек (орфандық) кездесетін ауруларға шалдыққан науқастарға қымбат бағалы дәрі-дәрмек, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын офтальмологиялық скринингке және емдеуге арналған жабдықтар, көз трансплантациясын қажет ететін науқастарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық қоры арқылы шала туған нәрестелерге арналған «Ерте араласау» орталықтары жабдықталып, медициналық генетиктер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары шетелде біліктілігін арттырды. Онкологиялық аурулары бар науқастар қымбат бағалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Түркістан облысының 20 тұрғынына соңғы нұсқадағы протездер сатып алынды.
✔️3 мыңнан астам ауыл балаларына білім беру гранттары бөлініп, 12 мектеп сыныптары жарақтандырылды. Болашақ инженерлер даярлайтын робототехника кабинеттері жасақталып, 40 мыңдай бала жазғы демалыстарын лагерлерде өткізді. Түркістан облысында аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық жарақтандырылды. Аудандардағы спорт залдары жабдықталып, спорттық құрал-жабдықтар алынды. Ауқымды жұмыстар биыл жалғасын табады.
📌– Түркістан облысы – еліміздегі халық ең тығыз орналасқан аймақ. Әрине, облыс дотациялық болып есептеледі. Қор тарапынан үш жылдың ішінде ауқымды жұмыстар жасалып, қолдау көрсетілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Мейлінше әрі қарай да қолдау көрсетуге күш салынады, – деді «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСЕДАТЕЛЕМ ПРАВЛЕНИЯ ОФ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА»
✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с председателем правления общественного фонда «Қазақстан халқына» Ляззат Чингисбаевой. Фонд создан по инициативе Главы государства. В ходе встречи были озвучены результаты реализации благотворительных программ и проектов, реализованных фондом за три года, а также предложения и планы.
✔️Л. Чингисбаева положительно оценила проведенные в регионе работы и отметила, что налаженная партнерская связь между общественным фондом “Қазақстан халқына” и Туркестанской областью будет продолжена. В этом году будут рассмотрены новые представленные проекты.
✔️В Туркестанской области, в целях решения проблем в сфере здравоохранения, образования и социальной поддержки, фондом реализованы 20 уникальных проектов на сумму более 8 млрд тенге. Глава региона поблагодарил коллектив фонда от имени жителей.
📌”Налажены тесные связи с общественным фондом «Қазақстан халқына», созданным по прямой инициативе нашего Президента. В регионе реализуются важные совместные проекты. Мы всегда готовы активно участвовать с вами”, – сказал Нуралхан Кушеров.
✔️За три года за счет средств фонда была оказана благотворительная помощь в развитии детской нейрохирургической службы, приобретены дорогостоящие лекарства для пациентов с редкими (орфанными) заболеваниями, оборудование для офтальмологического скрининга и лечения ретинопатии недоношенных детей, оказана помощь пациентам, нуждающимся в трансплантации глаз. На средства благотворительного фонда оборудованы центры для недоношенных новорожденных, а медицинские генетики и специалисты ультразвуковой диагностики прошли повышение квалификации за рубежом. Больные онкозаболеваниями обеспечены дорогостоящими медикаментами. 20 жителям Туркестанской области приобретены протезы последнего поколения.
✔️Для более чем трех тысяч сельских детей выделены образовательные гранты, оснащено 12 школьных классов. Созданы кабинеты робототехники для подготовки будущих инженеров, около 40 тысяч детей провели летние каникулы в лагерях. В Туркестанской области оборудован центр для детей с аутизмом и другими умственными заболеваниями, для спортивных залов в районах приобретен инвентарь. Масштабная работа будет продолжена в этом году.
📌”Туркестанская область – самый густонаселенный регион страны. Конечно, область считается дотационной. За три года фондом была проделана большая работа и оказана поддержка. Работа в этом направлении будет продолжена. Мы приложим все усилия для дальнейшей поддержки”, – сказала председатель правления ОФ «Қазақстан халқына» Ляззат Чингисбаева.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/973645?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ