Мәнерлеп сырғанаудан VI қысқы Спартакиадасы өтуде

Опубликовано:

Автор:

в категории

Өскемен қаласындағы Б. Александров атындағы спорт сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы өтіп жатыр.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Спартакиадаға елдің 7 облысы мен 3 қаласынан 72 атлет қатысуда.

Доданың басты мақсаты – спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау, Олимпиада алдында Ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіп, жаңа команда жасақтау.

«Әрине, бұл жарыстың басты мақсаттарының бірі – өңірлердегі мәнерлеп сырғанаудың даму деңгейін анықтау, бағалау, талантты спортшылардың көзге түсуіне жағдай жасау. Сондай-ақ қатысушылар арасында әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген Софья Самоделкина, Диас Жиренбаев, София Фарафонова да өнер көрсетеді. Барлығына сәттілік тілеймін!», – деді команда басшысы Айза Мамбекова.

Айта кетейік, аталмыш Спартакиада 11-ші сәуірде аяқталады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/973370?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *