Батыс Қазақстан облысының мұғалімдері бас жүлдені Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының өз қолынан алды! 🏆
Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған республикалық байқауы өтті. Байқаудың тақырыбы: “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия”.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
🔹 І кезең – жұптық сайыс
🔹 ІІ кезең – топтық сайыс
🥇 Іріктеуден финалдық кезеңге өткен Батыс Қазақстан облысының командасы бас жүлдеге ие болды!
Құрамында Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығы әдіскерлері мен облыс мұғалімдері бар команда бұл жеңісті талмай еңбек етіп, өз мамандығын шынайы сүйетін жандардың үздіксіз жұмысының арқасында жеңіп алды.
Бұл жеңіс – өз мамандығының нағыз шебері, 93 жасында өз түлектеріне шеберлік сабағын өткізген Тлепбергенова Набия Кенжебайқызы секілді, Батыс Қазақстан облысындағы математиктер мектебінің ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Облысымыздың мерейін асырған жеңімпаздарымызға болашақта да толағай табыстар тілейміз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/969527?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ