Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Биыл жазда Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XII Дүниежүзілік ойындарда (The World Games) ел намысын қорғайтын каратэшілер анықталды.

Бұл қатардағы отандастарымыз:

Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)
Қайсар Алпысбай (-60 кг)
Дидар Әмірәлі (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Бұл кешенді жарысқа үздіктердің-үздігі жолдама алды. Барлығы Чэндуда таңдаулы 96 каратэші жүлдеге таласады. Олар әлем чемпионаты және рейтинг нәтижесінде іріктелді. Каратэден жарыс 8-9 тамызға жоспарланған.

Еске сала кетейік, осыған дейінгі Дүниежүзілік ойын 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтіп, Қазақстан 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алған. Нәтижесінде делегация Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепе 37-сатыға тұрақтады. Алтынды Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) жеңіп алған.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/969354?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version