
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде барлық деңгейдегі әкімдер халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, елді толғандыратын өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда, аудан көлемінде тұрғындармен жүйелі кездесулер өткізу дәстүрге айналып келеді.
Бүгін сондай кездесудің бірі Алатау ауылдық округінде басталды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тұрғындармен ашық сұхбаты ауыл халқы үшін маңызды сұрақтарды ортаға салып, нақты ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары Талғат Манкеев және Хабидулла Нышамбаев қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы «Ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы және 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы» баяндама жасады.
Тұрғындар жиын барысында өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ашық айтып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Ауылдағы жолдарды кеңейту, ауыз су, жайылымдық жер тапшылығы, интернет мәселесі көтерілді.
Кездесу соңында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әрбір сұраққа жеке тоқталып, көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/973884?lang=kk

Добавить комментарий