«ӨШПЕС ҮМІТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Жастар ресурстық орталығында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Өшпес үміт – жарқын болашақ» атты форум өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – пробациялық есептегі азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың өмірге деген сенімін арттыру және қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында тиімді жолдарды қарастыру болды.
Форум жұмысына елімізге белгілі өнер қайраткерлері, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, әнші-композитер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, Парламент депутаты ретінде елге еңбек еткен қоғам қайраткері Сәуірбай Есжанов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, мәслихат депутаттары және аудан жастары қатысты.
Шара барысында өмірден өткен тағылымдар мен оңалту жолындағы нақты тәжірибелер жайлы сөз қозғалды. Сәуірбай Есжанов, Тұңғышбай Жаманқұлов және Нұрлан Өнербаев жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдағы өз орнын табуға ұмтылып жүрген жандарға ақыл-кеңестерін айтты.
Жиын соңында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, өмірлік қиын жағдайлардан шыққан тұлғалардың әңгімелері тыңдалды.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/974677?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *