2025 жылдың 4 сәуір күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарымен бірге “№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» жұмысымен танысты.
Орталықта психоневрологиялық аурулары бар, он сегіз жастан асқан I және II топ мүгедектігі бар азаматтарға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Қазіргі таңда өңірімізде мұндай қызметтерге мұқтаж жандардың саны артуда. Осыған орай кезектілікті азайту мақсатында орталықтағы төсек-орын саны 460-тан 480-ге дейін ұлғайтылды. Жыл басынан бері мұнда 480 адамға қызмет көрсетілген.
Орталықтың жұмысымен танысу барысында жұмысты жүйелі ұйымдастыру үшін әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар екені анықталды. Осы орайда, тиісті шешімдер қабылдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
Сондай-ақ Омбудсмен өкілі Б.Байхожаев ем алушылардың cанитарлық-гигиеналық жағдайлар, медициналық қызмет көрсету, тамақтану, сондай-ақ құқықтық көмек пен сыртқы әлеммен байланыс құқығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/970322?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ