Ұстаздарымыздың жетістігі – өңіріміздің жеңісі!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облысымыздың мұғалімдері “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” республикалық сайысында бас жүлдені Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының қолынан алды.
🌟Бүгін, білім беру саласындағы кәсібилігі мен жоғары жауапкершілігінің арқасында жеңіске жеткен ұлағатты ұстаздарымызды Білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин және жеңімпаздар ұжымдары зор қуанышпен қарсы алды. Жеңімпаздарды қарсы алған кезде қуаныштың шегі болмады. Бұл жетістік – өңіріміздің абыройын асқақтатып, білім беру саласындағы ең үздік нәтижелердің бірі болып табылады. Команда құрамында БҚО әдістемелік орталығының әдіскерлері, Ақсай қаласы №4 ЖОББМ, Орал қаласы №1 ЖОББМ, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы, Абай атындағы мектеп-гимназиясы және №41 мектеп-лицей, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының, №125 High school, Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейі мен Сырым ауданы Сырым мектеп-лицейінің мұғалімдері болды.
Ұстаздарымыздың еңбегі мен білім беру ісіне қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс және болашақта да үлкен белестерді бағындыруды тілейміз.
🎉Жеңіс құтты болсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/970993?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version