«Үздік әлеуметтік педагог» байқауы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін Ақсай қаласының №3 ЖОББ мектебінде «Үздік әлеуметтік педагог» аудандық байқауы өтті. Мұндағы мақсат — әлеуметтік педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарлату, шығармашылық әлеуетін дамыту және әлеуметтік мәртебелерін арттыру. Оған аудан бойынша 12 әлеуметтік педагог қатысты. Қорытынды бойынша⬇️
🥇I орын-Ақсу МББК әлеуметтік педагогі Жаңабаева Жаңылғаным Жаңабайқызы
🥈II орын-№5 ЖОББМ педагогі Батталова Сауия Айсагалиевна
🥉III орын-№7 ЖОББМ педагогі Маканова Жибек Абаевна
«Ұшқыр ойлы әлеуметтік педагог» номинациясымен №2 ЖОББМ педагогі Имангазиева Салтанат Оразгалиевна, «Креативті әлеуметтік педагог»-№6 МЛ педагогі Енсепова Ботагөз Құбаниязқызы, «Жанашыр әлеуметтік педагог» номинациясымен Жарсуат ЖОББМ педагогі Мукашева Айдана Жумагуловна марапатталды. Жеңімпаз атанған және номинациялармен марапатталған қатысушыларға Бөрлі ауданының білім беру бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар берілді. Ал қалған қатысушыларға қатысушы сертификаттары берілді.
Құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/973890?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *