
Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.
Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Бердіғали Өмірәлі төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды.
Мәжіліске аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, қала, ауылдық округ әкімдері, мекеме және дербес бөлім басшылары, сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Vek Srtroy Com» ЖШС-нің инженері А.Назарқұлов, техникалық қадағалаушы «Stik Co» ЖШС, «Ергарант-Строй» ЖШС, «Мир Строй и Компания» ЖШС өкілдері қатысып отырды.
Басқосуда 4 мәселе қаралып, депутаттардың талқылауына алынды.
Олар:
– Төлеби аудандық «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы»
(Хабарламашы: «Саябақтары» КММ-сі директорының міндетін уақытша атқарушы Диханбаев Сержан Тоғайбекұлы).
– «Ленгір қаласы аумағында көпқабатты тұрғын үй құрылысының барысы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының есебі»
(Хабарламашы: аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Тұрғынбаев Құттымұрат Байдуллаұлы).
– «Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы»
(Хабарламашы: аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбдиев Жұмабай Ғаппарұлы).
– Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістердің орындалуы туралы»
(Хабарламашы: аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Тауасар Жармен Болатұлы).
Депутаттар хабарламашыларға сұрақтар қойып, талқылап, жиын барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, тиісті қаулылар қабылдады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/968075?lang=kk

Добавить комментарий