
Ағын су адамзаттың күнделікті өмірінде кеңінен қолданылатын ең маңызды ресурстардың бірі. Ағын судың шектен тыс ысырап болуы су тапшылығына және қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Сондықтан ағын суды үнемдеу – әр адамның және қоғамның ортақ міндеті деп санаймыз.
Сарыағаштық шаруалар осы қағиданы берік ұстанып, су үндемдеу технологиясын ендіруді жыл санап артып келеді. Атап, айтқанда 2024 жылға дейін ауданда 3144 га егістік алқабына су үнемдеу технологиясы енгізілген болса, 2024 жылы 1008 га су үнемдеутехнолгиясы енгізілді (оның ішінде: 606 жаңбырлатып, 402 га – тамшылатып суғару әдісі). Ал, 2025 жылы жаңадан 1291 га жерге су үнемдеу технологиясы енгізу жоспарланған, үш айдың нәтижесінде 618 га жерге тамшылатып суғару жүйелері орнатылды.
Су үнемдеу жүйелерін сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды 80%-ға дейін субсидияланады. Осы ретте, егін шаруашылығымен айналысушы агроқұрылымдарды егістіктіктеріне су үндемдеу технологиясын ендіруге шақырамыз.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/968306?lang=kk

Добавить комментарий