Новые кадровые назначения в Целиноградском районе

Опубликовано:

Автор:

в категории

Целиноград ауданының әкімдігінде аудан әкімі Дарын Сабырғалидің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Жиналыс кадрлық тағайындаулар туралы хабарландырудан басталды. 2025 жылдың 31 наурызындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бұйрығына сәйкес Дюсебекова Айсұлу Олжабайқызы Целиноград ауданы статистика басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Целиноград ауданы әкімінің өкіміне сәйкес Секербаева Нұргүл Нұрланқызы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Аудан әкімі жаңа басшыларды құттықтап, олардың алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар, жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/967773?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *