Ақсай қаласының №5 «Ертегі» бөбекжайында аудандық ардагер ұстаздар кеңесінің «Дара жол» жобасы аясында Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, №5 «Ертегі» бөбекжайын 14 жыл басқарған Нагуманова Аккенже Имангалиевнаның 70 жас мерейтойына арналған «Ең үздік….» атты іс-шарасы өтті. Оған Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы Айымгул Тржанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Роза Ахметова, ардагер ұстаз Надежда Шиганакова, аудандық білім беру ұйымдарының кәсіподақ төрайымы Асель Имашева, аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдіскері Аягуль Утарбаева қатысып, жиынға қатысушыларға жүрекжарды тілектерін білдірді. Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.М.Тржанова аудан әкімі Е.Н.Ихсановтың Құттықтау хатын табыстады.
Сонымен қатар, бұрын жұмыс атқарған Матвеева Л.А., Быкова С.В, Киньзягулова М.А., Абулхаирова М.С., Михеева М.В., Бисенгалиева С.Ж. атты әріптестері және осы бөбекжайда көп жылдар бойы әртүрлі шараларда фотограф болған «Позитив» фотосалонының директоры Григоренко Н.М. шақырылып, туған күн иесіне тосынсый жасалды.
📌Бөрлі ауданының бір топ басшылары Бахтиярова Г.А., Адилова Г.Х., Амирова Г.Х., Локтева Л.В., Абдрахманова Л.Б. Аккенже Имангалиевнаны туған күнімен құттықтап, өз сыйлықтарын табыстады.
Бөбекжай тәрбиеленушілері әдемі би мен әндерін орындап, келген қонақтардың көңілін көтерді. Аккенже Имангалиевна басқарған ұжым қызметкерлері өз тілектерін арнап, түрлі қызықты жағдайларды естеріне түсірді. Туған күн иесі бөбекжай ұжымына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/968731?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ