ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚАДАҒАЛАУДА

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Бердіғали Өмірәлі бастаған комиссия мүшелері Белес Рысбаев, Исағали Әшірбеков, Нұрдәулет Әжібаев, Мұхтар Бастықов Ленгір қаласы, 1-мөлтек ауданындағы Қапал батыр көшесінде салынып жатқан 5 қабатты көппәтерлі үйлердің құрылыс барысын көрді. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу, сантехника және электр желілерін тарту, сыртқы сайдингпен қаптау, шатыр жабу жұмыстары қызу жүргізілуде. Құрылыс алаңында 200-ге жуық жұмысшы еңбек етуде, олардың 30%-ы жергілікті тұрғындар.
Депутаттар мердігер мекеме «Vek Story Com» ЖШС өкілдеріне құрылыс сапасы бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар үшін қуанышты күн алыс емес! Жаңа үйлер тек баспана ғана емес, Ленгір қаласының көркін арттырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосады.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/968070?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version