Жалмағанбет Қалиев көшесінің тұрғындарымен кездесу өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Мақсат Тәшенов қала әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Өтебаев және бөлім басшыларымен бірге Жалмағанбет Қалиев көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
 
Тұрғындар тарапынан түскен шағым бойынша ұйымдастырылған кездесуде жолды асфальттау, көше шамдарын орнату, қоқыс шығару, қаланы газдандыру сияқты қаламыздың инфрақұрылымына қатысты мәселелер көтерілді. Қойылған сауалдарға жауапты бөлім басшылары жауап беріп, жұмыстардың атқарылатыны жайлы мәліметтерімен бөлісті.
 
Өз кезегінде депутаттық корпус атынан қатысқан Мақсат Еркінұлы тиісті депутаттық сауал жолданатынын, мәселенің шешілуін бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/965451?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version