Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы бірқатар мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын бастады.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Жиынды тұрақты комиссия төрағасы Т.Манкеев ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:
Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтері туралы.
Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістердің орындалуы туралы.
Төлеби ауданы бойынша 18-27 жас аралығындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысы туралы.
Қаралып отырған мәселелерге қатысты комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Зерделеу қорытындысы бойынша:
Бірінші және екінші мәселелер алдағы өтетін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісінде, ал, үшінші мәселе сессиясының күн тәртібінде қаралатын болады.
 
Төлеби ауданы мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/965314?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version