-
-
📌27 наурыз күні «Ауыл мектебі- сапа алаңы» республикалық жобасы аясында шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді қашықтан оқыту әдістемелік сағаты өткізілді. Әдістемелік сағатқа тірек және шағын жинақты мектептердің оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 15 қаңтардағы №21 бұйрығы негізінде 2024-2025 оқу жылының 3 тоқсанынан бастап «Ауыл мектебі-сапа алаңы» жобасына 1 тірек мектебіне (№5 ЖОББМ) 3 шағын жинақты мектептер (Қарағанды МББК, Александров МББК, Кеңтүбек ЖОББМ) бекітіліп, жұмысын бастады. 4 тоқсанынан бастап 2 тірек мектебіне (№4 ЖОББМ, №7 ЖОББМ) 5 шағын жинақты мектеп (Облав МББК, Бумакөл МББК, Ақбұлақ МББК, Қарасу МББК, Успен МББК) бекітіліп, жұмыс бастайды. Жобаға жалпы 4 тірек мектеп және 11 шағын жинақты мектеп қатысады. Жоба бойынша шағын жинақты мектептерде математика, химия, биология, ағылшын тілі, физика пәндерін BilimClass платформасы арқылы аптасына бір рет қашықтан оқытылады. Әдістемелік сағат барысында «Ауыл мектебі-сапа алаңы» жобасы бойынша жаңадан қосылған мектептерге ШЖМ әдіскері Ж.Кинжигареева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бекітілген мектептерге жұмыс жоспары түсіндіріліп, атқарылатын шараларға тапсырмалар берілді. Әдістемелік сағат сонында педагогтер ұсыныс, пікірлерімен алмасып, кері байланыс жасады.
-
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/965003?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ