
Бүгін Департамент ұжымы имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы Гүлмира Кенесовна Арунова мен қойма меңгерушісі Татьяна Федоровна Данкевичті құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Департамент бастығы, полковник Марғұлан Аманбаев ардагер қызметкерлерге шынайы алғыс білдіріп, ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбектерін жоғары бағалады. Ардагерлерге жаңа өмір белесінде зор денсаулық, бақыт және барлық бастамаларында сәттілік тіледі!
Әріптестері өз кезегінде ардагерлерге көрсеткен тәжірибесі, қолдауы және көмегі үшін ризашылығын білдірді. Жылы лебіздер мен еңбек жолындағы жарқын сәттер еске алынып, алдағы өмір жолына табыс тілеп, ізгі тілектерін жолдады.
Қарағанды облысы ТЖД

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/966438?lang=kk

Добавить комментарий