Бүгін аудан әкімдігінде Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті. Жиынға Сарқан ауданының әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы, аудандық мәслихат төрағасы Разбеков Марат Мелісұлы, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Қоғамдық кеңес төрағасын сайлау мәселесі қаралып, кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Игіман Жомарт Мақатұлы төраға болып сайланды.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің үшінші шақырылымын басқарған Мукашев Жанат Мұхаметқалиұлының еңбегі ескеріліп, аудан әкімі құрмет грамотасын табыстап, сый құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, отырыста әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін Тазабекова Кенжетай Жұмағалиқызы Жетісу облыстық мәслихат төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.
Айта кету керек, жаңадан құрылған Қоғамдық кеңес құрамына 13 адам қабылданып, 2 азамат резервке енгізілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarkan/press/news/details/964038?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ