Көпшілік орындау Д. Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі мен Балалар өнер мектебі домбырашыларының қатысуымен №7 мектеп базасында ұйымдастырылды. Бір мезетте 150 домбыраның сырлы әуені шарықтады. 🎼 Қатысушылар қазақ халқының ұлы күйлері Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» орындады. Челлендж «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды. 🎉 «Күй күмбірі» челленджі – бұл жай ғана акция емес, ұлттық музыканы дәріптейтін, домбыра өнерін насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын үлкен мәдени шара.
#Күй_күмбірі2025
#біртұтас тәрбие
#nauryznama2025
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/964146?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ