
Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында өтіп жатқан шорт-тректен VI Қысқы Спартакиадада 1 500 метр қашықтықта жүлде сарапқа салынды.
Әйелдер. 1 500 метр. 45 қатысушы
🥇Ольга Тихонова (Ақмола обл.) – 2:30.306
🥈Алина Ажғалиева (БҚО) – 2:30.601
🥉Мадина Жанбусинова (Астана қ.) – 2:30.740
Ал қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Полина Омельчукке сәл жетпей, 4-орынмен шектелді.
Айта кетейік, Ольга Тихонова IX Қысқы Азия ойындарында еліміздің көк туын алып шыққан еді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/962242?lang=kk

Добавить комментарий