“ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ” АУМАҒЫ 2 ШАҚЫРЫМҒА АРТЫП, 2500-ГЕ ЖУЫҚ ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін «Наурызнаманың онкүндігі» аясында 19 наурыз – Жаңару күніне орай аудан аумағында 5000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды. Аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және белсенді жастар қатысты.
Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағына 250-ден астам мекеме қызметкерлері мен тұрғындар жұмылдырылды. Аумақтың көлемі 2 шақырымға ұлғайып, бүгін 2500-ге жуық тал көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта тағы 3000-нан астам тал көшеттері егіліп, ұлғайған аумақ арнайы шарбақтармен қоршалады.
Еске сала кетейік, 2022-2024 жылдары аралығында Шолаққорған-Түркістан бағытындағы автомобиль жолының екі шетінен 8000 метр жерге «Жасыл белдеу» құрылып, 12000 түп көшет отырғызылған. Биылғы жылдың көктемінде аудан көлемінде 21 500 тал көшетін отырғызу жоспарлануда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/960806?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *