
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жәнібек аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Шарафутдинов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р. Сариев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Тастенова, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде: Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №14-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылдың 27 желтоқсандағы «2025 – 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы, ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қазандағы № 11-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелері қаралды.
Аталған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері хабарлаушыларға сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, жобаларға келісімдерін берді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/press/news/details/961122?lang=kk

Добавить комментарий