Қасиетті Рамазан айында, аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара аудандық орталық мешітінде 300-ге жуық жамағатқа ауызашар берді. Сонымен қатар,ауданның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 60 отбасына аудан әкімдігінің атынан азық-түлік үлестірілді.
Ауызашарда аудандық орталық мешіттің бас имамы Марат Асанов құран оқып, қасиетті айдың мән-мағынасы бойынша насихат айтты. Сондай-ақ,бүгінгі ауызашарды ұйымдастырып, қайырымдылық шарасын жасаған аудан басшысына көптің атынан алғысын білдірді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/960642?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ