
НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІНІҢ АЛТЫНШЫ КҮНІ
«ӨМІРДІҢ ЖАҢАРУЫН» БЕЙНЕЛЕЙДІ.
Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні “өмірдің жаңаруын” бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады.
Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.
Жыл сайын наурыз айында жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.
Осы күн барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыруға үндейді. Бұл шараға аудандық мәслихат депутаттарыда атсалысты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/960592?lang=kk

Добавить комментарий