ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің «Жасыл желек» акциясы аясындағы көгелдандыру жұмысы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.А. Баймановтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 19 наурызда «Жасыл желек» атты бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.А. Байменова, Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.А. Жақсылық және Департамент қызметкерлері көшеттер отырғызу іс-шарасына қатысты.

Аталған экологиялық бастама өңірдің көгалдандыру деңгейін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және табиғатты қорғауға бағытталған. Департамент қызметкерлері бұл игі шараға белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/960822?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *