Елордалықтар шаңғы жарысынан қысқы Азиада жүлдегерлерін қарсы алды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін Астана халықаралық әуежайына шаңғы жарысынан IX қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары елге оралды.
Бұл қатарда Ұлттық құрама қоржынына ерлер арасындағы классикалық спринтте күміс медаль салған Константин Борцов, 10 шақырымға еркін стильде үздік үштікті түйіндеген Олжас Климин бар.
«Ең бірінші туыстарыма, қолдаушыларыма, халқыма алғысымды айтамын. Әрине, бұл ортақ жеңіс. Осы додада қарсыластарымыз өте мықты болды. Бірақ сонда да күшімді жинап, барымды салуға тырыстым. Енді алда қателіктермен жұмыс жасап, одан да жақсы нәтиже көрсетемін», – деді өз сөзінде Олжас Климин.
Сондай-ақ командалық эстафетада күміс иеленген аруларымыз (Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина) бен қола жүлдегер атанған ерлер құрамасы (Наиль Башмаков, Владислав Ковалев, Олжас Климин, Константин Борцов) болды.
Оларды әуежайдан жақындары, жанкүйерлері және Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері ерекше құрметпен күтіп алды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938904


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *