Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОЛ БОЙЫНДА ЖОЛАЙРЫҚТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қазығұрт ауданы Сарапхана елді мекені аумағындағы «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автомобиль жолының 756-шақырымындағы жол өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолайрықтар салынуда. Бұл нысан – еліміздің оңтүстігіндегі ірі қалалар мен шекаралас аумақтар арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүк және жолаушылар тасымалында маңызды рөл атқарады.
Жоба аясында қолданыстағы жол өткелін жаңарту, оңға және солға бұрылатын жолайрықтарды салу, сондай-ақ жол инфрақұрылымының бірқатар жабдықтарын орнату көзделген. Бүгінгі таңда жұмыстардың жалпы орындалу көрсеткіші 90%-ды құрайды. Қазіргі уақытта жолды абаттандыру жұмыстарының соңғы кезеңі жүргізілуде. Атап айтқанда, дөңгелек қағатын брустар, жол жиегіндегі науалар және темірбетон блоктар орнатылуда. Сыртқы жарықтандыру жүйесі аясында 101 тірек пен 127 жарықшам орнату көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылғы қараша айында басталған. Жұмыстарды аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2026 жылғы қазан айының соңына дейін жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
ТУРКЕСТАН: В ҚАЗЫГУРТСКОМ РАЙОНЕ НА УЧАСТКЕ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ДОРОГИ СТРОЯТСЯ ТРАНСПОРТНЫЕ РАЗВЯЗКИ
В Туркестанской области продолжаются работы по ремонту и модернизации автомобильных дорог республиканского значения. В районе населённого пункта Сарапхана Казыгуртского района проводится капитальный ремонт путепровода на 756-м километре автомобильной дороги «Коргас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент», а также строятся транспортные развязки.
Этот объект обеспечивает транспортное сообщение между крупными городами юга страны и приграничными территориями, а также играет важную роль в перевозке грузов и пассажиров.
В рамках проекта предусмотрены обновление существующего путепровода, строительство развязок для правого и левого поворота, а также установка ряда элементов дорожной инфраструктуры.
На сегодняшний день общий объём выполненных работ составляет 90%. Сейчас проводится завершающий этап благоустройства дороги. В частности, устанавливаются колесоотбойные брусья, водоотводные лотки вдоль обочин и железобетонные блоки.
В рамках системы наружного освещения предусмотрена установка 101 опоры и 127 светильников.
Строительно-монтажные работы начались в ноябре 2025 года. Завершить работы и ввести объект в эксплуатацию планируется до конца октября 2026 года.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1294042?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *