Казахстане впервые пройдет республиканский марафон по чтению книг «Кітап оқитын ұлт» («Читающая нация»)

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазақстанда алғаш рет республикалық деңгейде «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны өтеді. Жоба еліміздің барлық өңірінен оқырмандарды біріктіріп, кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы сәуір аралығында қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада ұйымдастырылады.

Жоба 7 бағытты қамтиды:

📖 «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
🎓 «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
🎓 «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
👩‍🏫 «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
👨‍👩‍👧‍👦 «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
🏛️ «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
🧠 «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Тізімге отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи әдеби туындылар енгізілген.

Негізгі оқу кезеңі 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Қатысушылар осы кезеңде кітаптарды оқып, жеке кабинеттерінде пікірлерін жариялайды. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

🏆 Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар қарастырылған:
🥇 1-орын — 600 000 теңге
🥈 2-орын — 450 000 теңге
🥉 3-орын — 300 000 теңге

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Марафонға қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі www.reading-nation.kz ресми сайтында жарияланған.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almobl-zhambyl/press/news/details/1293470?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *