
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Департамент басшысы А.М.Латыпованың төрағалығымен департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ міндет тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Департамент басшысы А.М. Латыпова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың маңыздылығына тоқталып, Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Бұл қағидат әрбір мемлекеттік қызметшінің заң талаптарын қатаң сақтап, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауын көздейді.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау және оларды жою, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек уәкілетті органдардың ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдар мен әрбір қызметшінің ортақ міндеті. Заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі екенін айтты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1292839?lang=ru

Добавить комментарий