Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласының ардагерлері және спорт жанашырлары!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Сіздерді Спортшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Спорт – елдің мерейін асырып, жас ұрпақты жігерлілікке, табандылыққа, тәртіпке және биік мақсаттарға тәрбиелейтін маңызды сала. Жарыстарда ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды көкке көтеріп жүрген спортшыларымыздың әрбір жетістігі – баршамыз үшін үлкен мақтаныш.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен үздіксіз ізденістеріңіз, жеңіске деген жігерлеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі. Әрбір жеңістің артында тынымсыз дайындық, табандылық пен маңдай тер жатқанын жақсы білеміз. Осы жолда спортшыларымызға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби шеберлігін шыңдап жүрген жаттықтырушылардың еңбегі де айрықша құрметке лайық.
Шардара ауданында бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, жастарды спортқа кеңінен тартуға ерекше мән берілуде. Ауданымыздан елдік деңгейдегі додаларда топ жарып, облыс, республика және халықаралық жарыстарда биік нәтижелер көрсетіп жүрген талантты спортшылардың қатары жыл санап артып келеді. Бұл – спорт саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың ортақ еңбегінің жемісі.
Спорт – денсаулықтың кепілі ғана емес, ол ел бірлігін нығайтатын, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі. Сондықтан спортшыларымыздың әрбір жеңісі – ауданымыздың абыройы, ел мерейі.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Жаңа белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Шәкірт тәрбиелеп жүрген жаттықтырушыларымыздың еңбегі жемісті болып, спорт саласының ардагерлеріне зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін.
Әрбір жарыста көк туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз асқақтай берсін! Шардараның спорттағы даңқы артып, жеңістеріміз еселене берсін!
Спортшылар күні құтты болсын! Жеңістеріңіз көп, жетістіктеріңіз мол болғай!
Құрметпен,
Шардара ауданының әкімі
Қарсыбаев Арман Романұлы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290537?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *