ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ: ҚОҒАМДЫҚ МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының әкімдігі өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың жалпы профилактикасына, азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге және халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №245-VIII Заңында көзделген құқық бұзушылық профилактикасының мақсаттары мен қағидаттарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылықтардың жалпы профилактикасын және азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Заңнамаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес вандализм үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Атап айтқанда, мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен, суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қоғамдық орындарды, ортақ пайдаланылатын мүлікті, абаттандыру нысандарын және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға, тарихи-мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді үлес қосуға шақырамыз.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың нақты фактілеріне құқықтық бағаны заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар береді.
Шардара ауданының әкімдігі құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өз құзыреті шегінде жалғастырады.
Бұл ретте ақпараттық жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында белгіленген ақпаратқа қол жеткізу қағидаттары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық міндеттері шеңберінде жүзеге асырылады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1290524?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *